Қызылорда облысында бір күнде тергеуден бой тасалап жүрген үш күдікті ұсталды

18:30, 12 желтоқсан 2024

© Сурет: polisia.kz

Қызылорда облысында полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі бойынша күдікке ілініп, тергеуден бой тасалап, іздеуде жүрген қала тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Анықталғандай, бұл азамат 2017 жылдың қазан айында есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатында сақтаған.

Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 30 жастағы күдіктіні Алматы қаласында ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тағы екі іздеуде жүрген адам анықталды. Олар автокөлік жымқыру және ұрлық қылмыстары үшін іздеуде жүрген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!