Елімізде қатты қалдықтар өңдейтін 94 кешен салынады
© Фото: Zakon.kz
Енді елімізде экологиялық ахуалды жақсарту үшін қатты қалдықтар өңдейтін 94 жоба іске асады.
Бұл мақсатқа 180 млрд теңге бөлінді. Оның 2,2 млрд-ы Жамбыл облысына арналған. Қаржыға қалдық өңдейтін 3 кешен салынбақ. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі өңір тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп жазады qazaqstan.tv.
Жалпы бір ғана Тараздың өзінде жылына 20 мың тоннаға жуық қатты қалдық шығады. Алайда оны өңдейтін кәсіпорын жоқ. Соның салдарынан полигонда 2,5 млн тонна қоқыс жиналған. Жоба жүзеге асқан жағдайда қоқысты 30% азайтуға болады.
"2,2 млрд теңге бөлініп жатыр. Біз соған сенеміз. Тараз қаласында 3 сұрыптау зауыты салынса, контейнерлер жақсы болса, жаңа контейнерлер қойылса, ол экологиялық мәселелерді шешуге септңугіңн тигізеді. Тараз қаласының экологиялық ахуалы жақсы болады деп ойлаймыз." Мансұр Ошурбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:26, 15 наурыз 2026
Наурыз қарсаңында Қостанайдағы сайлау учаскесінде Қыдыр ата дауыс берді
-
12:22, 15 наурыз 2026
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда дауыс берді
-
12:17, 15 наурыз 2026
Референдумда 4 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді
-
12:05, 15 наурыз 2026
Референдум-2026: вице-премьерлер мен үкімет мүшелері де дауыс берді
-
11:57, 15 наурыз 2026
Республикалық референдум күніне орай ұлттық дәстүрлер дәріптелді





