«Жазғы доңғалақпен жүрген». Алматыда ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті
© Сурет: Zakon.kz
Алматыда Сайын даңғылында 11 желтоқсанда HYUNDAI LaFesta мен BMW X6 M көліктерінің қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апаты мамандандырылған ХҚКО-ның қарама-қарсысында болды. Жазғы доңғалақтағы Hyundai көлігі даңғыл бойымен солтүстік бағытта келе жатып, бұрылыс маневрін бастайды.
Осы кезде оған жоғары жылдамдықпен BMW X6 M келіп соғылды.
Соққыдан екі көлік те жол жиегіне ұшып кетті. Hyundai-дың артқы дөңғалағы жұлынып, арыққа түсті, ал BMW арықтан ұшып жарық бағанына соғылды.
Апат салдарынан екі жүргізуші де зардап шекті, олар жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнында Алматы қаласының жол полициясы мен құтқару қызметінің қызметкерлері жұмыс істеді, олар жол апатын рәсімдеумен және көлік құралдарын эвакуациялаумен айналысты.
Сондай-ақ, апат болған жерде жол жамылғысын тазарту қажет: өйткені қос көліктің үгітілген бөлшектері бүкіл жолға шашылды. Айта кетсек, соққының күшті болғаны соншалықты Hyundai көлігінің артқы жағы мыжылып қалды. Сондай-ақ, Hyundai-дың жүргізушісі жазғы доңғалақпен жүргені белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 15 қаңтар 2025
Израиль мен ХАМАС Газа секторындағы атысты доғару бойынша өзара келісімге келді
-
22:46, 15 қаңтар 2025
Шымкентте емхана дәрігерін балағаттаған ер адам бес тәулікке қамауға алынды
-
22:30, 15 қаңтар 2025
«Көктайғақ болып, қар бұрқасындатады». Астана мен еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:55, 15 қаңтар 2025
Елордалық әйел әкімдікте танысы барын айтып, 57 млн теңгеге 28 адамды сан соқтырған
-
21:31, 15 қаңтар 2025
Көлігінің тіркемесінен 19 киіктің тушасы табылған төрт қызылордалық құрықталды