Тоқаев Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев "Жетісу-Қолдау" қоғамдық қорының демеушілігімен салынған Үстел теннисі орталығымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық стандарттарға сай, заманауи құралдармен жабдықталған ғимаратта Үстел теннисі ойындары және спорттық туризмге мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі орналасқан.
Мектеп директоры Мерей Сүйіновтің айтуынша, қазір мұнда 600-ден астам оқушы теннистен бөлек, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, қол күресі және спорттық туризм секцияларына қатысады. Олардың арасында 33 спорт шеберіне үміткер, 41 бірінші разрядты спортшы бар.
Президентке Жетісу облысындағы спорт инфрақұрылымының дамуы жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, қазір Алакөл ауданының Лепсі ауылында және Текелі қаласында дене шынықтыру кешендері, Панфилов және Сарқан аудандарында спорт кешендері салынып, Талдықорғандағы Орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар шағын ауылдарда бұқаралық спортты дамыту үшін модульдік кешендер салу қолға алынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:29, 12 желтоқсан 2024
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды
-
22:12, 12 желтоқсан 2024
Жұма күні Астанада және 16 өңірде дауылды ескерту жасалды
-
22:12, 12 желтоқсан 2024
Жұмада Астанада және 16 өңірде дауылды ескерту жасалды
-
21:33, 12 желтоқсан 2024
Ұлытау облысында 2024 жылы экономикалық өсім мен әлеуметтік инфрақұрылымы айтарлықтай дамыды
-
21:21, 12 желтоқсан 2024
Әділетті Қазақстан құндылықтары әдебиетте көрініс табуға тиіс – Amanat