Түркиядағы сириялықтар үйлеріне қайта бастады
© Фото: Министерство обороны РК
Сирияны 24 жыл басқарған Башар Асад билігі құлатылған соң Түркиядағы сириялық босқындар елдеріне жаппай қайта бастады.
Осыған байланысты екі ел арасындағы шекара бекеттерінде адамдар мен көліктердің ұзын-сонар кезегі пайда болды. Халықтың кедергісіз өтуі үшін Түркияның шығысында 10 жылдан аса жабық тұрған бірнеше бақылау бекеті қайта ашылды. Бұдан бөлек қосымша жылжымалы бекеттер де қойылды.
Түркия Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша шекарадан өтуге ниет білдіргендер саны соңғы күндері 5 есеге дейін өскен. Ресми деректерге сай азаматтық соғыстан қашып Түркияны паналаған сириялық босқындар саны 3 миллион адамнан асады, деп жазады qazaqstan.tv.
"Сириялық қонақтарымызды елдеріне құрметпен шығарып салу үшін біздің өңірде үш шекара бекеті жұмыс істеп тұр. Олардың біреуі 11 жыл бұрын жабылып қалған еді, бүгін жаңадан ашылды. Әр бекеттен күн сайын шамамен 15 мың адам өтіп жатыр. Олардың арғы бетке қиындықсыз өтуі үшін барлық жағдай жасалған." Мұстафа Масатлы, Хатай губернаторы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:03, 15 қаңтар 2025
БАӘ инвесторлары Өзбекстанда аэротакси жобасын іске қоспақ
-
11:16, 15 қаңтар 2025
Хабиб Нұрмағамбетовтың ұшақтан түсірілуі: әуекомпания билет құнын қайтарды
-
15:09, 14 қаңтар 2025
Иран ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесін алды
-
15:13, 13 қаңтар 2025
Өзбекстанда 135 моншақ жұтып қойған сәби аман қалды
-
13:55, 13 қаңтар 2025
Өзбекстанда есектің етін сатқандар анықталды