Қызығушылықтың соңы полицияда аяқталды: екі жігіт бомбапанаға кірмек болған
© Фото: polisia.kz
Алматыдағы бомбадан қорғану панасы түнде екі жігіттің нысанасына айналды. Олар қызығушылық танытқанын айтып ақталғанымен, қалалық полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түнде "102" пультіне қала тұрғындарының назарына жиі іліге бермейтін нысаннан қоңырау түскен.
Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында екі жігіт бомбадан қорғану панасына кірмек болған.
Нысан бекітілген кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, мұнда бөгде адамдардың кіруге әрекеттенуі бұған дейін де болған. Ішінде қымбат бағалы заттар болмаса да, нысанаға бөтен адамдар мезгіл-мезгіл кіруге тырысады.
Алайда бұл жолы жағдай басқаша өрбуі мүмкін еді.
"Жігіттер құлыпты бұзып ашуға әрекеттеніп қана қоймай, өздерімен бірге арнайы құралдар да алып келген. Екеуі де Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады полиция.
Ұсталғандар бұл әрекетін қызығушылықпен түсіндірген. Сондай-ақ аталған орын туралы біреуден естігенін айтқан.
Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын және олардың нысанға кіруге әрекеттенуінің шынайы себебін анықтап жатыр.
Бұған дейін Ақтөбеде полицейлер екі пәтер ұрлығына күдікті 37 жастағы ер адамды ұстаған еді. Ол үй иелері пәтерде болған кезде ұрлық жасаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:11, 1 қыркүйек 2026
Министрлік оқушылардың шаш үлгісіне қатысты жаңа талаптарға шағымданғандарға жауап берді
-
18:59, 1 қыркүйек 2026
2 қыркүйекте қай өңірлерде үсік, қар және екпіні күшті жел болжанып отыр
-
18:49, 1 қыркүйек 2026
Жетісу облысында екі Chevrolet Cobalt соқтығысып, алты адам қаза тапты
-
18:33, 1 қыркүйек 2026
Оралда дзюдодан ел үздіктері анықталды
-
18:15, 1 қыркүйек 2026
Қазақстан ат спортынан Польшадағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды





