Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасының өкілі U13 жас санатында алтын медаль жеңіп алды.
Жарыс барысында Жәния словениялық Эму Калужаны – 3:0, үндістандық Каавья Саринді – 3:0, сингапурлық Линь Цзяцзюньді – 3:0, хорватиялық Стелла Пресецкиді – 3:0, Ника Грегурецті – 3:0 және Петра Липовшчакты – 3:0 есебімен жеңді. Финалда ол Сингапур өкілі Хуан Кристалдан 3:1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Хорватияда өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс жүлдегер атанған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 31 тамыз 2026
«Қайрат» сапындағы бір ойыншы алаңнан қуылса да, сырт алаңда «Елімайды» жеңді
-
20:10, 31 тамыз 2026
Қазақстан велотректен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогында бес алтын медаль жеңіп алды
-
18:11, 31 тамыз 2026
Дмитрий Панарин бадминтоннан Нигериядағы турнирде қола жүлдеге ие болды
-
17:42, 31 тамыз 2026
Қазақстан дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады
-
15:31, 31 тамыз 2026
Джокович 20 жылда алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші айналымында жеңілді





