Қазақстан ат спортынан Польшадағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Вежбнада (Польша) ат спортынан Wierzbna Bialy Las халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасының өкілдері жарыста үш медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың шешуші күнінде қазақстандық спортшылар кедергі биіктігі 120 сантиметр болатын CSI3* конкурында бірінші және екінші орындарды алды.
Раиса Соколенко Chevalier атымен жарыс жолын айып ұпайынсыз аяқтап, алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынға Shenanigan атымен өнер көрсеткен Олег Соколенко жайғасты.
Үшінші орын польшалық Малгожата Кошуцкаға V-Querida of Vigo Z атымен бұйырды.
Раиса Соколенко бұған дейін де бір жүлде жеңіп алған. Қазақстандық спортшы Chevalier атымен кедергі биіктігі 120 сантиметр болатын CSI1* бәсекесінде күміс медаль иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді бір алтын және екі күміс медальмен қорытындылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:11, 1 қыркүйек 2026
Министрлік оқушылардың шаш үлгісіне қатысты жаңа талаптарға шағымданғандарға жауап берді
-
18:49, 1 қыркүйек 2026
Жетісу облысында екі Chevrolet Cobalt соқтығысып, алты адам қаза тапты
-
18:33, 1 қыркүйек 2026
Оралда дзюдодан ел үздіктері анықталды
-
18:09, 1 қыркүйек 2026
«Некеңіздің мерзімі аяқталады»: Әділет министрлігі алаяқтық схема туралы ескертті
-
17:40, 1 қыркүйек 2026
«Қазақстанның жанды бұрышы»: Бішкектегі Кемел Тоқаев атындағы мектеп несімен танымал





