2 қыркүйекте қай өңірлерде үсік, қар және екпіні күшті жел болжанып отыр
© Фото: Zakon.kz
Синоптиктер 2026 жылғы 2 қыркүйек, сәрсенбі күні Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Болжамға сәйкес, еліміздің бірқатар өңірінде үсік түсіп, жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, түнде мына өңірлерде үсік күтіледі:
- -1°С-қа дейін – Қостанай облысының шығысында;
- -1...-3°С-қа дейін – Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысының шығысында топырақ бетінде.
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Күндіз найзағай ойнайды. Түнде республиканың солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Антициклонның сілемі әсерінен еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
"Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында күндіз желдің жылдамдығы секундына 30 метрге және одан да жоғары болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады:
жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен орталығында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде;
төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының батысы, шығысы мен орталығында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:55, 1 қыркүйек 2026
Синоптиктер 2 қыркүйекте қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
-
19:41, 1 қыркүйек 2026
Құзға өрмелеуден Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
-
19:31, 1 қыркүйек 2026
Жамбыл облысында дәмханада жанжал шығарған ер адам сотта «ештеңе есімде жоқ» деп ақталмақ болды
-
19:18, 1 қыркүйек 2026
Назым Қызайбай маңызды жарыстар алдында елден қолдау сұрады
-
19:11, 1 қыркүйек 2026
Министрлік оқушылардың шаш үлгісіне қатысты жаңа талаптарға шағымданғандарға жауап берді





