Ямаль мен Рафинья дубль жасап, «Барселонаға» қатарынан үшінші рет жеңіс сыйлады

15:34, 1 қыркүйек 2026
MKZ: 1564591

© Сурет: Instagram/FCBarcelona

2026 жылдың 31 тамызында Испания чемпионаты – Ла Лиганың үшінші турындағы матчтар аяқталды. Соңғы кездесуде "Барселона" өз алаңында "Райо Вальеканоны" 5:2 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матчтың басында каталондық команда қонақтарды қуып жетуге мәжбүр болды. 12-минутта "Райо Вальекано" ойыншысы Серхио Камельо есеп ашты.

Алайда бұдан кейінгі 10 минут ішінде "Барселона" есепті теңестіріп қана қоймай, алға шықты. Гол авторлары – Рафинья мен Ламин Ямаль.

Екінші таймда "Районың" ойыншылары екі гол соқты. Флориан Лежен допты өз қақпасына енгізсе, Камельо дубль жасады.

Дегенмен бұл күні "Барселонаны" тоқтату мүмкін болмады. Кездесудің соңғы 20 минутында Рафинья мен Ямаль тағы бір-бір голдан соғып, командасына жеңіс әкелді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!