Қызмет бабында жанқиярлықпен қаза тапқан Хали Хайрат медальмен марапатталды

15:17, 31 қазан 2024

© Сурет: gov.kz, Instagram/akimat__09

ҚР Президентінің Жарлығымен құтқарушы Хали Хайрат қайтыс болғаннан кейін "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының атынан марапатты қаза тапқан өрт сөндірушінің туған-туыстарына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыс етті.

"Бүгін біз өз өмірін басқа адамдарды құтқару үшін құрбан еткен батырды еске алуға жиналдық. Біз оның ерлігін ұмытпаймыз", – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Қызмет бабында жанқиярлықпен қаза тапқан Хали Хайрат медальмен марапатталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2024 15:17

Сурет: gov.kz

Мемлекеттік награданы табыс ету рәсіміне өрт сөндіруші-құтқарушының әріптестері қатысты.

Қызмет бабында жанқиярлықпен қаза тапқан Хали Хайрат медальмен марапатталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2024 15:17

Сурет: gov.kz

"Ел Президентіне біздің батыр әріптесімізді марапаттағаны үшін алғыс айтамыз. Хали Хайрат өзінің он жылдық қызметінде мамандыққа деген адалдығын көрсетті, оның жанқиярлың еңбегінің арқасында бірнеше жан өоім аузынан арашалынып қалды. Ол біздің жүрегімізде мәңгі қалады", – деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 24-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Хали Хайрат 2024 жылғы 6 қазанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында ірі дала өртін сөндіру кезінде қаза тапты. Азаматтық қорғау органдарында сержант 2014 жылдан бастап жұмыс істеді. 33 жастағы марқұм Саран қаласында тұрды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!