«Қыз ұзатудан» шыққан астаналық бес тәулікке қамауға алынды

13:37, 30 шілде 2026
MKZ: 1558804

© Фото: Zakon.kz

Астанада "Қыз ұзату" тойы аяқталғаннан кейін 22 жастағы қазақстандық 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жас жігіттің қамауға алынуына оның тойдан кейін пиротехникалық бұйымдарды іске қосуы себеп болған. Оның әрекетінің салдарынан жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің тұрғындарының тыныштығы бұзылған.

"Қыз ұзатудан" шыққан астаналық бес тәулікке қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 13:37

Сурет: Астана қаласы Полиция департаменті

Сонымен қатар, салтанатты шара аяқталғаннан кейін шу шығарып, қоғамдық тыныштықты бұзған тағы үш қатысушыға қатысты да әкімшілік шара қолданылды. Олар тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға мерекелік іс-шараларды қоғамдық тәртіп талаптарын сақтай отырып өткізуді ескертеді.

"Тыныштықты бұзу, сондай-ақ айналадағы адамдарға құрметсіздік танытатын әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады".

Бұған дейін танымал блогер Айтым Жақыпов жол ережесін өрескел бұзғаны үшін жазаланғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!