Қытайдан Қазақстанға өткізілмек болған қауіпті көшеттер партиясы кері қайтарылды
© Сурет: gov.kz
Қазақстан фитосанитарлық талаптарға сай келмейтін сәндік ағаш көшеттерін елге кіргізбей, Қытай Халық Республикасына кері қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратпен ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің баспасөз қызметі бөлісті.
"2024 жылдың 9 қыркүйегінде "Қорғас" ФББ-де тамырындағы топырағы рұқсат етілген нормадан 0,1%-дан асатын көшет партиясы анықталды. Аталған заңбұзушылыққа байланысты өнім иесіне "Өсімдіктер карантині туралы" Заң мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, бүкіл партия ҚХР-ға кері қайтарылды". ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, отырғызу материалдары топырақтан таза болуы керек, өйткені ол карантиндік объектілердің әлеуетті тасымалдаушысы бола алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:22, 15 қаңтар 2025
Жетісу облысында 10 келіден аса «мефедрон» тәркіленіп, бес күдікті қамауға алынды
-
17:57, 15 қаңтар 2025
Қазақстанда халық пен бизнеске берілген несиелер көлемі 40 трлн теңгеден асты
-
17:51, 15 қаңтар 2025
Депутат Ерлан Сайыров еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерін индекстеуді ұсынды
-
17:51, 15 қаңтар 2025
Депутат Ерлан Сайыров еліміздегі ең төменгі жалақыны индекстеуді ұсынды
-
17:37, 15 қаңтар 2025
«Күзет қойылды». Дәрігерлер кепілге алынған ақтөбелік әйелдің хәл-жағдайы туралы мәліметпен бөлісті