Депутат Ерлан Сайыров еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерін индекстеуді ұсынды
© Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров 2025 жылы 15 қаңтарда қос палата отырысында Үкіметке халықтың әл-ауқатын қалай көтеруге болатынын айтып, өз ұсыныстарын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлан Сайыров өз сөзінде Мемлекет басшысының айтқанын мысалға келтірді.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрқашан: "Біздің барлық реформаларымыз азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру үшін жүргізіліп жатыр" деп айтады. Алайда, үкімет қабылдаған шараларға қарамастан, халқымыздың әл-ауқаты жақсарып жатқан жоқ", - деді депутат.
Ол Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйеніп, өз сөзіне дәлел келтірді.
"Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, жан басына шаққандағы кіріс 112 мың теңге, оның 98 мың теңгесі тек қана азық-түлік, киім-кешек, коммуналдық қызметті төлеуге кетеді. Бюроның деректері бойынша, күріштің бағасы 31,3 пайызға, жұмыртқа 16,9 пайызға, сары май мен сүт өнімдерінің бағасы 12 пайызға өскен. Ал коммуналдық қызметтер орташа алғанда 25 пайызға қымбаттаған. Бұл жағдай азаматтардың шығынын арттырып, кірістерін төмендетіп жібергендігі анық. "Баға қайда кетіп барасың?" деп жыламсырайтын жағдайға да жеттік. Осыған қарамастан елімізде ең төменгі жалақы екі жылдан бері 85 мың теңгеден көтерілмей тұр", - деді Сайыров.
Осылай деген депутат мәселені шешу үшін мынандай шараларды ұсынды:
- Ең төменгі жалақы мөлшерін индекстеуді;
- жұмыссыздықтан сақтандыру сомасын арттыру арқылы ең төмен жалақы алатын адамдардың сақтандыру жүйесін жетілдіру;
- өңірлік әкімдіктер жергілікті тұрғындарға азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды қолға алуы тиіс;
- әкімдер өңірлік ауыл шаруашылық өнімдерін жергілікті нарыққа қажетті мөлшерде жеткізілуін қамтамасыз етуі қажет;
- ауылшаруашылық өнімдеріне берілетін мемлекеттік төлемдерді уақытылы әрі қажетті сомада толық төленуін қамтамасыз ету қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:46, 15 қаңтар 2025
2025 жылғы қысқы Универсиада: Қазақстан медальдар жиынтығы бойынша ІІ-орын алды
-
20:34, 15 қаңтар 2025
Қостанай облысында өрт кезінде бес баласынан айырылған анаға қатысты сот үкімі шықты
-
19:56, 15 қаңтар 2025
Қазақстанда көп ауыстырылатын ағза түрі мәлім болды
-
19:44, 15 қаңтар 2025
Анастасия Городко Туриндегі 2025 жылғы Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды
-
19:37, 15 қаңтар 2025
Ақтөбе-Астрахань тас жолында 100-ден аса көлік қар құрсауында қалып кеткен