Қазақстанда халық пен бизнеске берілген несиелер көлемі 40 трлн теңгеден асты
© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
2024 жылы желтоқсан айында Қазақстанда несие алғандар саны қаншаға артты әрі несиенің қай түрі кеңінен қолданысқа ие? Бұл сұраққа қатысты жауапты қамтитын материалды Zakon.kz сайтынан оқып-біле аласыздар.
Ұлттық банктің мәліметінше, ел экономикасындағы несиелер көлемі 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 40,9 трлн теңгені құрап, 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 22,3% - ға ұлғайды. Қарыз алушылардың санаттары бойынша кредиттердің жалпы көлемінің 46,0% - ы бизнес кредиттеріне тиесілі (бизнес мақсаттарына кредиттер алған қаржылық емес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер), 54,0%–ы халыққа берілген кредиттерге тиесілі.
"Бұл ретте бизнеске кредиттер өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 20,6% - ға өсіп, 18,8 трлн теңгені құрады, халыққа кредиттер 23,7% - ға 22,1 трлн теңгеге дейін өсті", делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір жылда 18,9%-ға 36,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 64,0%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (оның ішінде оларды валюталық қайта бағалау есебінен). Банк секторының кредиттері кредиттердің жалпы көлемінің 85,8%-н құрады.
Бұған дейін депутат Ерлан Сайыровтың еліміздегі ең төменгі жалақыны индекстеуді ұсынғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:46, 15 қаңтар 2025
2025 жылғы қысқы Универсиада: Қазақстан медальдар жиынтығы бойынша ІІ-орын алды
-
20:34, 15 қаңтар 2025
Қостанай облысында өрт кезінде бес баласынан айырылған анаға қатысты сот үкімі шықты
-
19:56, 15 қаңтар 2025
Қазақстанда көп ауыстырылатын ағза түрі мәлім болды
-
19:44, 15 қаңтар 2025
Анастасия Городко Туриндегі 2025 жылғы Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды
-
19:37, 15 қаңтар 2025
Ақтөбе-Астрахань тас жолында 100-ден аса көлік қар құрсауында қалып кеткен