Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болып, қалың қар жауады, боран соғады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алдағы сенбі мен жексенбіде және келесі аптаның басында Қазақстанда күн райы күрт бұзылады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның 2026 жылғы 28–30 қарашаға арналған болжамында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ел аумағындағы ауа райына атмосфералық фронттар әсер етеді.
"Осыған байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел күшейіп, боран соғады. 30 қарашада Қазақстанның шығысында қалың қар жауады, ал оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын мол болады (жаңбыр, қар)", – деп хабарлады "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі.
Ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
Болжам бойынша, 30 қарашаға қараған түні:
- батыста 5–12 градус аяз болады;
- солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 10–18 градус аяз болады;
- шығыста 7–12 градус, ал осы өңірдің таулы аудандарында 15–20 градус аяз болады.
"Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Қыстың басталуына санаулы күн қалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:51, 27 қараша 2026
Дағыстандық күш иесі тісімен 125 тонналық тепловозды 15 метрге сүйреді
-
11:40, 27 қараша 2026
Ұшақ көкте болғанда ер адам есікті ашпақ болған: жолаушылар мен бортсеріктер оны тоқтатты
-
11:34, 27 қараша 2026
13 жылға созылған қуаңшылық: ғалымдар майя өркениетінің күйреу себебін анықтады
-
11:23, 27 қараша 2026
27 қарашадағы валюта бағамы – Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттеріндегі баға
-
11:17, 27 қараша 2026
Қазақстанда қырғызстандық студенттерді заңсыз криптовалюта операцияларына тартқан





