Қазақстанның 16 өңірінде қар жауады – 27 қарашаға арналған жол болжамы жарияланды

08:41, 27 қараша 2026
MKZ: 1580012

© Сурет: Telegram/qazavtojol

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі бүгінге, 2026 жылғы 27 қарашаға арналған жол болжамын жариялады. Болжамға сүйенсек, ел аумағының басым бөлігінде ауа райы бұзылады. Осыған байланысты компания жүргізушілерді тасжолдарда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұма күні Қазақстанның 16 өңірінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі. Олар – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары.

"Республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну мүмкіндігі төмендеп, жол тайғақ болуы мүмкін", – деп ескертті компанияның баспасөз қызметі.

Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге мынадай кеңес берді:

  • ауа райын ескеріңіз;
  • алдағы көлікпен қауіпсіз арақашықтық сақтаңыз;
  • жылдамдықты жолдың жағдайына қарай таңдаңыз;
  • шұғыл маневр жасаудан аулақ болыңыз.

Республикалық маңызы бар автожолдардың қазіргі жағдайы туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне қоңырау шалып білуге болады.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 27 қарашаға Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!