Астанада жазда жеңіл жолмен ақша тапқысы келген қос студент 7 жылға сотталды
© Фото: zakon.kz
Астанада 19 жастағы екі студент есірткі таратқаны үшін сотталды. Ұстау барысында олардан аса ірі мөлшерде есірткі табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі 2026 жылы 26 тамызда хабарлағандай, қос студент Telegram мессенджері арқылы есірткі заттарын таратуға бағытталған қылмыстық схемаға кірген:
"Оларды ұстау барысында аса ірі мөлшерге жататын 5,87 грамм мефедрон тәркіленді".
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.
Сот үкімімен оларға 7 жыл және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура азаматтарды бейтаныс адамдар ұсынатын оңай жолмен ақша табу туралы ұсыныстарға келіспеуге шақырады.
Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күрестің ауқымына қатысты жан-жақты мәлімет ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:39, 26 тамыз 2026
Қазақстан мен Вьетнамның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы: Аида Балаева мен Фам Тхи Тхань Ча кездесті
-
18:32, 26 тамыз 2026
«Күн ашық болады». Еліміз бойынша 27 тамызға арналған ауа райы болжамы
-
18:32, 26 тамыз 2026
«Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады». Еліміз бойынша 27 тамызға арналған ауа райы болжамы
-
18:23, 26 тамыз 2026
Ұлдананың үстіне кондиционер құламағаны рас па? Астанадағы фельдшер өліміне қатысты тың мәлімет жарияланды
-
17:54, 26 тамыз 2026
Құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы АЧ: Қазақстан екі қола медаль иеленді





