Құтқарушылар су басқан үйден адамдарды арқалап алып шықты

11:56, 27 наурыз 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі су басқан үйлерден адамдарды арқасымен алып шыққан құтқарушының суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Суреттер еріген су жергілікті тұрғындарды әбігерге салып жатқан Ақтөбе облысында түсірілген.


"Ақтөбе облысы Темір ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу барысында Темір облысы ТЖД аға инженері азаматтық қорғау капитаны Аспан Нұржан су басқан аймақтан екі бала мен бір әйелді арқасына көтеріп, қауіпсіз жерге көшірді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Құтқарушылар адамдар судың кесірінен жан-жақтан оқшауланғанын атап өтті.

Жалпы, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе облысында өңірдегі су басқан тұрғын үйлерден 83 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қардың белсенді еруіне байланысты Абай облысында да жағдай мәз емес. Өйткені Аягөз ауданында көпірді су шайып кетті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!