Құтқарушылар Көкшетау тауында өзін жайсыз сезінген туристке жедел көмекке келді

09:56, 11 тамыз 2025

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2025 жылғы 10 тамызда Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Көкшетау тауында құтқарушылар 34 жастағы ер адамға көмек көрсетті. Ол өзін нашар сезуіне байланысты таудан өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар ер адамды төмен түсіріп, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстаған.

ТЖМ тауға шықпас бұрын өз тәжірибеңіз бен физикалық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салды.

Бұған дейін қытайлық мотоциклшінің Маңғыстаудағы тас жолда тұралап қалғандығын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!