Құрылтайда Жоғарғы сот судьясы сайланды
© Фото: senate.parlam.kz
Құрылтай депутаттары 2026 жылғы 11 қарашада Асан Ескендіровті Қазақстанның Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Президенттің ұсынуын ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов оқып берді.
"Сіздердің қарауларыңызға Асан Қайроллаұлы Ескендіровті Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсыну енгізілді. Асан Қайроллаұлының жұмыс тәжірибесі мол. Ол 30 жылдан астам уақыт бойы барлық сот сатысында қызмет атқарған. Еңбек жолын аудандық сот судьясы қызметінен бастап, кейін Ақмола және Павлодар облыстарының ауданаралық экономикалық соттарын басқарған", – деді Малахов.
Оның айтуынша, Ескендіров облыстық соттың судьясы болып жұмыс істеп, Ақмола облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасын басқарған. 2016–2022 жылдары жеті жыл бойы Жоғарғы сот судьясы болған. Төрт жылға жуық Конституциялық сот судьясы қызметін атқарған.
Құрылтай депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады.
Бұған дейін Жоғарғы соттың бірқатар судьясы қызметінен босатылатынын жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:57, 11 қараша 2026
Қазақстанда алғашқы медициналық көмек қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тәртібі белгіленеді
-
11:50, 11 қараша 2026
Қазақстанда ауа температурасы -16°C-қа дейін төмендеп, қалың қар жауады: 12–14 қарашаға арналған болжам
-
11:42, 11 қараша 2026
11 қараша: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамдары
-
11:31, 11 қараша 2026
Коронавирустың жаңа штамы бұрынғыларынан қауіпті ме: дәрігер түсіндірді
-
11:12, 11 қараша 2026
Қостанай облысында ер адам балалар алаңында жасөспірімді ұрып-соққан





