Коронавирустың жаңа штамы бұрынғыларынан қауіпті ме: дәрігер түсіндірді
© Фото: freepik
Ресейлік медицина ғылымдарының докторы, инфекционист әрі вирусолог Елена Малинникова коронавирустық инфекцияның жаңа штамы бұрынғыларынан қауіпті деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маман РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында бұл вирус аурудың ауыр өтуіне немесе өлім-жітімнің көбеюіне әкелетіні туралы деректер жоқ екенін атап өтті.
"Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының да, түрлі елдердің, соның ішінде біздің елдің де денсаулық сақтау саласындағы зерттеушілерінің деректерінде оның қауіптілігі артқанын растайтын ешқандай мәлімет жоқ", – деп келтіреді басылым Елена Малинникованың 2026 жылғы 11 қарашадағы сөзін.
Сонымен қатар дәрігер қазір ресейліктердің ағзасында коронавирустың жаңа штамынан қорғайтын антиденелер аз екенін айтты. Сондықтан вирусолог олардың осы штамды жұқтырып, ауырып қалу қаупі бар деп есептейді.
Коронавирустың PJ.2.1 штамы алғаш рет 2026 жылғы мамырда анықталып, бірнеше құрлыққа таралған. Бұған дейін ДДҰ-ның Ресейдегі кеңсесі басылымға жаңа штамның әлемде таралу қаупі артып келе жатқанын хабарлаған.
Жаңалық сипатындағы материалдар дәрігердің тағайындауын алмастырмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.
Бұған дейін желіде Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы өршіп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. 2026 жылғы 23 қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Ведомство елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін, айналымдағы коронавирус нұсқалары жаңа штамдар емес екенін және халық денсаулығына қосымша қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:57, 11 қараша 2026
Қазақстанда алғашқы медициналық көмек қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тәртібі белгіленеді
-
11:50, 11 қараша 2026
Қазақстанда ауа температурасы -16°C-қа дейін төмендеп, қалың қар жауады: 12–14 қарашаға арналған болжам
-
11:42, 11 қараша 2026
11 қараша: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамдары
-
11:24, 11 қараша 2026
Құрылтайда Жоғарғы сот судьясы сайланды
-
11:12, 11 қараша 2026
Қостанай облысында ер адам балалар алаңында жасөспірімді ұрып-соққан





