Құрылтай сайлауына арналған бюллетеньдегі партиялардың реті қалай орналасады

18:49, 23 шілде 2026
MKZ: 1557687

© Фото: Zakon.kz

23 шілдеде Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға арналған сайлау бюллетенінде саяси партиялардың орналасу ретін анықтау бойынша жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеребе қорытындысына сәйкес, сайлау бюллетенінде партиялар мынадай ретпен орналасады:

  • "Әділет" партиясы;
  • Қазақстанның демократиялық партиясы;
  • "Байтақ" жасылдар партиясы;
  • Қазақстан Халық партиясы;
  • "Ауыл" партиясы;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы;
  • Respublica партиясы.

Еске салайық, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына 545 кандидатты тіркегенін хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!