Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды

11:25, 23 шілде 2026
MKZ: 1557566

© Фото: freepik

Ақтауда Қазақстанда тіркелмеген дәрілік препараттарды қолданып келген медициналық орталықтың қызметі әшкереленді. Тексеру барысында онда шамамен 250 қаптама "жастық пен сұлулық инъекциялары" тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, жоспардан тыс тексеру бұрынғы клиенттердің бірінің шағымынан кейін жүргізілген. Тексеру барысында орталықта заңсыз дәрілік препараттарды қолдану, инфузиялық ем-шараларды жүргізуге лицензияның болмауы және басқа да бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.

Белгілі болғандай, мекемеде екі ем-шара кабинеті жұмыс істеген. Оның бірі кәдімгі медициналық кабинет болса, екіншісі сұлулық салоны ретінде қызмет көрсеткен. Дәл осы жерде клиенттерге сұлулық индустриясында кеңінен жарнамаланатын түрлі дәрумендік және жасартуға арналған екпелер салынған.

Алайда медициналық орталықтың мұндай қызмет түрін көрсетуге рұқсаты болмаған. Сонымен қатар қолданылған препараттардың Қазақстан аумағында тіркеуден өтпегені және оларды пайдалануға лицензия берілмегені анықталды.

Нәтижесінде медициналық ұйымға 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Сондай-ақ оның қызметі уақытша тоқтатылды.

"Іс жүзінде бұл кабинет медициналық мекемеден гөрі сұлулық салоны ретінде жұмыс істеген. Департамент тарапынан айыппұл салынса, сот айыппұлмен қатар тіркелмеген барлық препаратты тәркілеп, оларды жою туралы шешім шығарды. Сонымен бірге медициналық ұйымның қызметін бір ай мерзімге тоқтату туралы қаулы қабылданды".Маңғыстау облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Ерлан Төлепберген

Бұған дейін қазақстандық ірімшікке қақалып, клиникалық өлім жағдайын бастан өткергенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!