Маңғыстауда өз балаларына миллиондаған теңге қарызы бар әке сотталды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Маңғыстау облысында жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 133 борышкер жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның араласуымен 95 миллион теңгеден астам алимент қарызы өндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қадағалау органының мәліметінше, олардың 27-сі қылмыстық, ал 106-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Көп борышкер бірнеше жыл бойы алимент төлеуден жалтарып, табысын жасырған және өз міндеттемелерін орындамау үшін ресми түрде жұмысқа орналаспай жүрген.
Прокуратураның мәліметінше, борышкерлердің бірі кәмелетке толмаған екі баласына 3 миллион теңгеден астам алимент қарыз болған.
Тексеру нәтижесінде оған қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот ер адамды кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол алимент бойынша берешегін толық өтеген.
Жалпы, биылғы алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша прокуратураның ықпалымен 95 миллион теңгеден астам алимент қарызы өндіріліп, 395 кәмелетке толмаған баланың құқығы қорғалған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:20, 23 шілде 2026
Қазақстанда 25 тамыздан бастап алименттер арнайы банктік шоттарға аударылады
-
20:00, 23 шілде 2026
Жұмада елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:30, 23 шілде 2026
Қазақстанда резидентура түлектері емтиханнан жаппай құлағаны рас па
-
19:17, 23 шілде 2026
Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат жаңа ережелермен басталды
-
19:02, 23 шілде 2026
ҰТО «грантқа түсіреміз» деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады





