Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 12 шетелдік ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Құқық бұзушылардың барлығына қатысты көші-қон заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар жинақталып, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Түркістан облысында полиция қызметкерлері тарапынан көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу, шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз жер қойнауын пайдалануға қарсы іс-қимыл бағытында тұрақты түрде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен Түлкібас ауданының аумағында көші-қон заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Тексеру барысында 12 шетел азаматының экскаватор мен жүк автокөлігін пайдалана отырып заңсыз жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізгені анықталды.
Құқық бұзушылардың барлығына қатысты көші-қон заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар жинақталып, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны мен шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін қабылдаушы тарапқа да әкімшілік шара көрілді.
Тәртіп сақшыларының дер кезінде араласуының нәтижесінде шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметінің жолы кесіліп, заңсыз жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде көші-қон заңнамасының одан әрі бұзылуына жол берілмеді.
Осы бағыттағы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:41, 23 шілде 2026
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды
-
11:32, 23 шілде 2026
Парижге саяхаттап келген миллиардер 1,3 млн еуролық әшекейлерін қолды қылды
-
11:25, 23 шілде 2026
Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды
-
11:16, 23 шілде 2026
«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта «Омониядан» жеңілді
-
11:02, 23 шілде 2026
Үш әйелі туралы әлеуметтік желіде айтқан қазақстандық полицияға шақырылды





