Құрық порты арқылы бір млн тонна жүк тасымалданды

09:52, 4 шілде 2024

© Сурет: pixabay

Құрық порты арқылы жыл басынан бері 1 миллион тоннадан астам жүк өткізілді. 700 мың тонна жүк, портқа теміржол арқылы жеткізілсе, қалғандары жүк көлігімен тасымалданды.

Жалпы, биыл 2 миллион 300 мың тонна жүк өткізу көзделген.

Соған сәйкес, қазір қосымша айлақтар мен астық терминалы салынып жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл жобалар Құрық портында ірі теңіз көліктік-логистикалық кластерін құруға мүмкіндік бермек, деп жазады qazaqstan.tv.

Құрық порты бұдан 10 жыл бұрын "Жаңа Жібек жолы" жобасы аясында құрылды. Содан бері жүк өткізу қуаты/ жылдан жылға ұлғайып келеді.

"Құрық портының аумағында қатты жел болмайды. Бұл оның басты ерекшелігі. Сондықтан автокөлік және теміржол паромы жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істейді. Бізбен әріптестік байланыс орнатуға ниеттілер көп. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, порттарда ірі теңіз көліктік-логистикалық кластер құру бойынша, кешенді жоспары әзірленді. Соның аясында айлақтардың контейнер өткізу қарқыны артып, терминалдардың жұмысы өзгереді." Серік Ахметов, "Құрық" теңіз портының бас директоры

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!