Күрестен Әлем чемпионатында тағы бір жерлесіміз қола медальға таласады

15:06, 7 қыркүйек 2024

© Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Испанияда өтіп жатқан күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық балуан қола медальға таласады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатқан Мықтыбек Үкіметұлы жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті.

Ширек финалда Мықтыбек ресейлік Лев Павлотан ұтылған болатын. Қарсылсы финалға дейін сүрінбей жеткен соң, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды.

Нәтижесінде, Үкіметұлы бразилиялық балуанды 7:2 есебімен жеңіп, турнирдің қола медаліне күресетін болды.

Мықтыбектің кіші финалдағы қарсыласы - грузиялық Лука Гвинджилия.

Айта кетелік, бүгін Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақта әлем чемпионатының алтыны үшін белдеседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!