Астанадағы әлем чемпионаты: Бағдат Сабаз грек-рим күресінен қола медаль еншіледі

19:52, 27 қазан 2026
MKZ: 1574611

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық балуан Бағдат Сабаз грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін өткен белдесуде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Хасрат Джафаровпен күш сынасты.

Нәтижесінде Бағдат Сабаз қарсыласынан 8:5 есебімен басым түсіп, жарыста қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем чемпионатын үш қола медальмен аяқтады.

Бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) және Айдос Сұлтанғали (60 келі) үздік үштіктен көрінген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!