Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қандай нәтиже көрсетті
© Сурет: olympic.kz
Хорватияның Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Илларион Авченко және Эмиль Касимов әлем біріншілігі аясында бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысының (U18) іріктеу кезеңінде бақ сынады. Нәтижесінде Илларион 357.25 ұпаймен 30-орын алса, Эмиль 338.00 ұпаймен 34-орынға тұрақтады. Осылайша отандастарымыз іріктеу кезеңінен өте алмады.
Сондай-ақ Александр Подлесный үш метрлік тұғырдан суға секіру сайысының (U15) іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Дегенмен 345.45 ұпаймен 22-орынға тұрақтап, іріктеуден өте алмады.
Айта кетейік, 28 тамызда Александр Подлесный бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысында сынға түседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:06, 27 тамыз 2026
Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Хорватияда өткен халықаралық турнирде күміс медаль иеленді
-
21:46, 27 тамыз 2026
«Найзағай ойнап, қатты жел тұрады». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:17, 27 тамыз 2026
Астанада көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен «шаптырған» ер адам видеоға түсіп қалып, жазаға тартылды
-
20:57, 27 тамыз 2026
Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды
-
20:50, 27 тамыз 2026
ЦАХАЛ ХАМАС-тың тағы бір командирінің көзін жойды





