Құлжа тас жолында тағы бір жол апатынан бір адам мерт болды

17:54, 8 мамыр 2024

© Фото: zakon.kz

Nissan X-Trail жүргізушісі мопедисті қағып кетті. Скутер жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалаға кіре берісте мопедист топырақ жолдан тас жолдың қарсы жолағына шығып, тура Nissan X-Trail көлігіне бет алған.

Көлік жүргізушісі ештеңе істеп үлгермей, скутермен соқтығысқан, содан кейін ол мопед жүргізушісін де жаншып өткен.

Мопед жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Марқұмның кім екені анықталып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!