ҚР Оқу-ағарту министрлігінің функциялары жаңартылды
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 11 ақпандағы Үкімет қаулысымен Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі функциялары жаңартылды
2026 жылғы 11 шілдеден бастап енгізілетін жаңа функциялар
Министрлікке мынадай өкілеттіктер беріледі:
- білім беру мониторингін жүргізу және білім беру жүйесін басқаруды цифрлық қамтамасыз ету;
- мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласындағы цифрлық объектілердің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
- мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді жұмысқа қабылдау үшін қолданылатын цифрлық объектілерді айқындау;
- "Ұлттық білім беру деректер базасы" цифрлық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- білім беру саласындағы цифрлық ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру (цифрландыру жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы);
- мемлекеттік цифрлық рұқсаттар және хабарламалар жүйесі арқылы электрондық хабарлама тәртібін жүзеге асыру;
- Қазақстан аумағында тұрақты тұратын азаматтарға қатысты қылмыстық құқықбұзушылық фактілері бойынша мәліметтерді мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы тексеру.
Жаңартылған функциялар
- ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге, жеке мектептерде орта білім беруге, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кадрлар даярлауға, мемлекеттік стипендиялар төлеуге (атаулы стипендиялардан басқа), мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастыру операторын айқындау;
- халықаралық пәндік олимпиадалардың тізбесін бекіту (жеңімпаздар мен оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу үшін);
- халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары жеңімпаздарына және олардың жетекшілеріне біржолғы сыйақы төлеу қағидалары мен мөлшерін бекіту;
- кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын айқындау.
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап
- мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту;
- меншік нысанына қарамастан аталған ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау (әскери, арнайы жоғары оқу орындары, денсаулық сақтау саласындағы ТжКБ ұйымдары және Әділет академиясынан басқа);
- балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жоспарлы тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту;
- әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша хаттамалар жасау, айыппұл салу және істерді сотқа жолдау.
2026 жылғы 26 ақпаннан бастап
- білім беру ұйымдарын мемлекеттік электрондық рұқсаттар және хабарламалар тізілімінен шығару;
- аталған электрондық тізілімді жүргізу.
2026 жылғы 2 наурыздан бастап
- зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерінің қызметі жөніндегі үлгілік қағидаларды бекіту;
- педагогтердің құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың және буллингтің алдын алу бойынша біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
- өңірлік балалар құқықтарын қорғау органының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру тәртібін бекіту;
- кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын әзірлеу;
- зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе оның куәгері болған балаларды анықтау және оларға көмек көрсету қағидаларын бекіту;
- білім алушылардың заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар әзірлеу;
- кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қызметін реттеу;
- жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу (білім беру және балалар құқықтарын қорғау бағытында).
2026 жылғы 1 сәуірден бастап
Министрлік білім беру қызметіне лицензиялар береді (немесе лицензияға қосымша):
- бастауыш; негізгі орта; жалпы орта; техникалық және кәсіптік (әскери, арнайы оқу орындары үшін); орта білімнен кейінгі; діни білім; кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметін көрсететін қосымша білім беру.
Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие және балаларға қосымша білім беру қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдайды.
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың рейтингін бағалау әдістемесін әзірлеу;
- оларды саралау (ранжирлеу) қағидаларын бекіту;
- рейтинг жүргізу.
Осылайша, жаңа өзгерістер білім беру жүйесін цифрландыруды күшейтіп, балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін кеңейтіп, лицензиялау мен бақылау рәсімдерін жетілдіруге бағытталған.
Құжат 2026 жылғы 4 ақпаннан бастап күшіне енеді (кейбір нормалар кейінірек қолданысқа енгізіледі).
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:19, 16 ақпан 2026
Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады
-
17:12, 16 ақпан 2026
Олимпиада-2026: Қазақстанның қос спортшысы шорт-тректен ширек финалға өтті
-
17:05, 16 ақпан 2026
Қанат Ысқақов ҚР мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды
-
16:55, 16 ақпан 2026
Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атануы мүмкін
-
16:46, 16 ақпан 2026
Оқушыларға смартфонды тек сабақта ғана емес, үзілісте де қолдануға тыйым салынуы мүмкін





