ҚР Даңқ Кітабын жүргізу ережелері өзгерді
© Фото: akorda.kz
Үкіметтің 2024 жылғы 7 қарашадағы қаулысымен Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Даңқ Кітабын жүргізуге және сақтауға жауапты болып танылды.
Кейбір тармақтар жаңа редакцияда жазылды:
"Даңқ Кітабын жүргізу ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісіне, "Отан" орденіне не "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденіне ие болған азаматтарды марапаттау туралы жазбаларды Даңқ кітабына енгізуге сайып келеді. Жазба мемлекеттік тілде жүргізіледі",- делінген құжатта.
Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілеріне, "Отан" орденіне не "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденіне ие болған азаматтар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жоғарыда көрсетілген мемлекеттік наградаларды беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жібереді.
Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ақпаратты қамтитын жазбаны Даңқ Кітабына келесі жылғы 1 мамырға дейін енгізетіндігі нақтыланды.
Қаулы 2024 жылғы 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 13 қараша 2024
Ақмола облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды
-
22:20, 13 қараша 2024
Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден әлемдік рейтингтің үздік үштігіне жақындады
-
21:52, 13 қараша 2024
Есірткі заттарының ірі партиясын сақтаған машинист ұсталды
-
21:25, 13 қараша 2024
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы туринирдің қысқа бағдарламасында үшінші орын алды
-
20:56, 13 қараша 2024
Алматыда, Астанада, Шымкентте және 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды