Қостанайда 50 млн теңге болатын контрабандалық темекіні жеткізу арнасының жолы кесілді

12:04, 21 қараша 2024

© Фото: polisia.kz

Қостанайда полиция қызметкерлері 50 миллион теңгеден астам сомаға есепке алу-бақылау маркалары жоқ 126 мың қорап темекіні тауып, тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, қыркүйек айында жергілікті кәсіпкер бұл партияны кейіннен сатуды көздеп, белгісіздерден нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алған.

Қостанайда 50 млн теңгеге контрабандалық темекі жеткізу арнасы тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 12:04

Сурет: polisia.kz

Қазіргі уақытта полицейлер жеткізу арнасын және заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар барлық адамдарды анықтау үшін одан әрі іс-шаралар жүргізуде.

Жиналған және алынған материалдар Қостанайдың Мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.

Бұған дейін СҚО прокурорларының ауылшаруашылық жерлерін мемлекет пайдасына қайтарғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!