Қостанай облысының тұрғыны Димаштың мексикалық жанкүйеріне сәлемдеме ретінде домбыра салып жіберді
© Сурет: Zakon.kz
Қазақтың қара домбырасы сәлемдеме ретінде Қостанайдан Мексикаға жіберілді. Димаштың жанкүйері Матис деген өнерпаз домбыра тартып үйренгісі келетінін айтып, үшбу хат жазыпты. Оның өтінішін аяқ асты қылмай Рудный қаласындағы "Алтын домбыра" орталығы сазды аспаптың бірін Мексикаға жолдады.
"24kz" телеарнасының ақпаратынша, бұл оқиға әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай, "Дайдидау" атты кітаптың жарық көруінен басталды. Авторы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын – Абылай Маудан. Бір әннің тарихы арқау болған туынды төрт тілде жазылған.
"Димаштың әні барған жерге әдебиетіміз де барсын деген оймен, осы кітапты шығардым. Сосын желілерге сала бастағаннан кейін маған әрбір елден маған хаттар көп келе бастады. 200-300 адам маған хат жазған шығар. Алайда оның ішінде тура хат жазған осы Мексикадағы Магда деген кісі. Сол кісі келіп айтты да, менің балам қазақ мәдениетін тереңдеп меңгеру үшін домбыра үйренгісі келеді деп. Содан кейін осындай домбыра салып жіберуді ұйғардым". Абылай Маудан, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі
Абылайдың ұсынысына Рудныйдағы "Алтын домбыра" орталығы қолдау білдірген. Олар Матиске лайықты, ыңғайлы деген аспапты таңдап, сәлемдеме арқылы Мексикаға жолдады. Ағылшын тіліне аударылған бейне сабағы да жіберілді.
Пошта қызметкерлерінің айтуынша, мұхиттың ар жағындағы Мексикаға сәлемдеме екі аптаның ішінде жетіп, Матистің қолына тиеді.
Бұған дейін Әлішер Кәрімовтың пластикалық және косметологиялық шараларға көзқарасын айтып бергенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 30 желтоқсан 2025
Тоқаев архив ісі және ЛГБТ насихатына тыйым салу мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды
-
16:18, 30 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану кодексіндегі түзетулерге қол қойды
-
16:11, 30 желтоқсан 2025
Қазақстанда ауа райының қиындығына байланысты пойыздар қосылды
-
16:04, 30 желтоқсан 2025
Жұманғарин кәсіпкерлерге жүргізілген негізсіз кедендік тексерулерді түсіндірді
-
15:57, 30 желтоқсан 2025
30 желтоқсандағы саудада доллар бағамы төмендеді





