+3°C: Алматыда 1 қаңтарға қараған түні қар аралас жаңбыр жауатыны болжанады
© Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша 2025 жылғы 30, 31 желтоқсан және 2026 жылғы 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Жылдың басты мерекесі қарсаңында Астанада қар жауып, күн аяз болатыны, ал Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
- 30 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман түсіп, көктайғақ болады. Кей тұста жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде: -1...-3°С, күндіз: +1...+3°С.
- 31 желтоқсан: аспан бұлтты, түнде қар жауады, боран соғады, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: -3...-5°С, күндіз: шамамен 0°С.
- 1 қаңтар: аспан бұлтты, түнде қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Түнде желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -8...-10°С.
Алматы
- 30 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +7...+9°С.
- 31 желтоқсан: аспан бұлтты, кешке жаңбыр жауады. Аздап жел соғады. Ауа температурасы түнде: +1...+3°С, күндіз: +7...+9°С.
- 1 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде және күндіз: +1...+3°С.
Шымкент
- 30 желтоқсан: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Соққан желдің екпіні секундына 20 метрге дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде: +6...+8°С, күндіз: +11...+13°С.
- 31 желтоқсан: аспан бұлтты, түнде нөсер жаңбыр жауады. Таңертең және түстен кейін соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде және күндіз: +6...+8°С.
- 1 қаңтар: аспан бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -2°С, күндіз: +1...+3°С.
Бұған дейін Жетісу облысында қар құрсауында қалған 15 адам құтқарылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:56, 30 желтоқсан 2025
Қазақстанда электр энергиясына шекті тарифтер 7 жылға бекітілді
-
10:45, 30 желтоқсан 2025
Ақтауда полицейлер есірткі тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойды
-
10:38, 30 желтоқсан 2025
Алматы облысында есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсірген фитозертхана әшкереленді
-
10:24, 30 желтоқсан 2025
Алматыда түн ортасында жаппай жол апаты болды: зардап шеккендер бар
-
10:17, 30 желтоқсан 2025
Алматы тауларындағы қар көшкінінде мерт болған үш жігіт жерленді





