Қостанай облысында жыл басынан бері 150-ден астам адам қызылша жұқтырған
© Фото: akorda.kz
Қостанай облысында қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай ушығып барады. Жыл басынан бері өңірде 150-ден астам адам инфекцияны жұқтырған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есе көп, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы ТВ" телеарнасының мәліметінше, ауру өте жылдам таралуда. Қалалық дәрігерлер тіпті ішек инфекциясымен жатқан балаларды қызылша жұқтырған науқастардан оқшаулауға мәжбүр болған.
Жұқтыру қаупін азайту мақсатында сәбилер ересектер ауруханасының бөлек бөліміне ауыстырылған. Ең көп жағдай Қостанай және Арқалық қалаларында тіркелген.
2026 жылғы 25 ақпанда Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымованың айтуынша, өңірде індетке қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.
"Байланыста болған адамдарға екпе салу жұмыстары атқарылуда. Жыл басынан бері 804 адам вакцина алды. Оның 593-і – балалар. Соның ішінде 397 бала 6–10 ай аралығындағы сәбилер", – деді ол.
Мамандар тұрғындарды вакцина салдыруға және санитарлық талаптарды сақтауға шақырады.
Бұған дейін Қызылордада 10 жасар бала үш жылдан бері ұйқысыздықпен күресіп келетіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:12, 26 ақпан 2026
Астанада -33°С-қа дейін аяз, Алматыда қар мен жел: 27 ақпан – 1 наурызға арналған болжам
-
15:06, 26 ақпан 2026
Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылдың жазында рингке оралуы мүмкін
-
14:57, 26 ақпан 2026
Құжат рәсімдеуге қатысты жұмысы көп қазақстандықтарға жағымды жаңалық айтылды
-
14:48, 26 ақпан 2026
Алматы тауларында ойнап жүрген аландар камераға түсіп қалды – сирек кездесетін кадрлар
-
14:36, 26 ақпан 2026
Шымкентте 26.02.26 күніне байланысты неке қиюға сұраныс артты





