Қазақстан құрамасы бокстан Әлем кубогы кезеңінде жеті медальді еншісіне жазды

16:56, 25 сәуір 2026

© Сурет: ҚР ҰОК

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының кезеңінде ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰОК мәліметіне сүйенсек, 51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова ирландиялық Даяна Мурхаузды 5:0 есебімен жеңді.

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева канадалық Мари аль Ахмадимен кездесті. Нәтижесінде бұрымды боксшымыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақта марокколық Доуа Закиді 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Сұлтан Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта италиялық Паоло Карусомен кездесті. Нәтижесінде жерлесіміз қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.

Диас Молжігітов 80 келіге дейінгі салмақта Оладжимеджи Шиттудан (Англия) 3:2 есебімен басым түсті.

Ал 50 келіге дейінгі салмақта Даниял Сәбит марокколық Иссам Бесярдан 5:0 есебімен жеңіліп қалды.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Фарух Тоқтасынов Әзірбайжан өкілі Наби Исгандаров қолғап түйістіріп, қарсыласына 3:2 есебімен жол берді.

Санжарәлі Бегалиев 75 келіге дейінгі салмақта Әзірбайжан өкілі Сейджамшид Джафаровпен кездесіп, қарсыласына 4:1 есебімен есе жіберді.

Осылайша жеті боксшымыз медальді өздеріне қамтамасыз етті. Айта кетейік, Жібек Жарасқызы (80 келіге дейін) жарысты 1/2 финалдан бастайды. Ол Эмилия Котерскамен (Польша) кездеседі. Сондай-ақ Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) жеребенің нәтижесінде тікелей финалда өнер көрсетеді. Ол венгриялық Жофия Сирамен жұдырықтасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!