Қостанай облысында «жоғалды» деген балықшы көл жағасында ұйықтап жатқан

15:50, 3 қараша 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанай облысында балық аулауға шыққан ер адам жоғалып кеткен. Оның туған-туыстары көмек сұрап, төтеншеліктерге жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жайт Әулиекөл ауданында Шиелі ауылы маңында болған.

"1975 жылы туған ер адам қайықпен балық аулауға шығып, жоғалып кеткен. Оның қайда екені белгісіз болғандықтан, жақындары алаңдады. Оқиға орнына іздестіру тобы шығып, балықшыны көлдің жағалауынан тапты. Ер адам ұйықтап жатқан, оның өміріне қауіп төнбеген. Оған медициналық көмек қажет болмады", делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтарды табиғатқа шығу кезінде, әсіресе қолайсыз ауа райы жағдайларында сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Айта кетсек, 3 қарашаға қараған түні Ұлытау облысында қайықпен су айдынына шыққан балықшылар адасып кеткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!