Қостанай облысында тікұшақпен 12 адам құтқарылды

19:02, 27 наурыз 2024

© Сурет: pixabay

Қостанай облысында 27 наурызда құтқарушылар Ми8 тікұшағымен еріген су басып қалған қыстаудан адамдарды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 12 адам құтқарылған.

"Бүгін Қостанай облысы Екіді елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан ТЖМ "Қазавиақұтқару" қызметкерлері Ми8 тікұшағымен 12 азаматты құтқарды". Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі


Құтқарылғандар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!