Қосшы қаласының әкімі жаңадан тағайындалды
© Сурет: gov.kz
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Қосшы қаласының әкімі болып Азамат Капышев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңір әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа әкімді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласының активіне таныстыра отырып, Азамат Капышевтың жоғары кәсіби қасиеттері бар білімді және білікті басшы екенін атап өтті.
"Жаңа басшылыққа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, соның ішінде сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен жабдықтау, инфрақұрылым салаларында бірқатар міндеттер қойылды. Аймақ басшысы жоспарланған барлық нысандардың уақытылы пайдалануға берілуін жеке бақылауға алуды, сондай-ақ жылыту маусымының сәтті және үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қала келбетін жақсарту, қоқыс шығару мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі де айтылды", делінген хабарламада.
Географиялық тиімді орналасуды ескере отырып, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Әлеуметтік нысандарды іске қосу және жол желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс күтіледі.
Кездесу соңында Марат Ахметжанов жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеп, Қосшы қаласының бұрынғы әкімі Гайдар Қасеновке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді. Оның қызметінен босатылғаны туралы бүгін, 11 қарашада белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:20, 13 қараша 2024
Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден әлемдік рейтингтің үздік үштігіне жақындады
-
21:52, 13 қараша 2024
Есірткі заттарының ірі партиясын сақтаған машинист ұсталды
-
21:25, 13 қараша 2024
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы туринирдің қысқа бағдарламасында үшінші орын алды
-
20:56, 13 қараша 2024
Алматыда, Астанада, Шымкентте және 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:15, 13 қараша 2024
Көкшетауда заңсыз кальян ұсынған дәмханалар анықталды