Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты
© Сурет: akorda.kz
Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Президент мырза, Сіз Брюссельге келген кезіңізде бізді еліңізге мемлекеттік сапар жасауға шақырған едіңіз. Бұл ұсынысты бірден қабыл алдық. Сапарымыз Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанына қуаныштымын. Осы үш күн ішінде елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа жол ашатын мүмкіндіктермен жақын танысамыз. Мәдени байланыстардың арқасында достығымыз одан әрі беки береді. Ал сапарымыз аясында Қазақстанның бай мұрасы мен төл дәстүріне көзайым боламыз", – деді Бельгиялықтар Королі.
Король Филипптің айтуынша, Бельгия Қазақстан экономикасына қаржы құйған ірі инвесторлардың бірі саналады. Қазақстан нарығында бірқатар бельгиялық компания жұмыс істейді. Ол алдағы Қазақстан – Бельгия іскерлік кеңесі отырысына көп үміт артатынын жеткізді. Сондай-ақ Бельгиялықтар Королі Қазақстанның халықаралық аренада беделі артып келе жатқанына және экономиканың барлық саласында қарқынды өсім байқалатынына назар аударды.
"Еліңіздің әлемдік аренадағы орны нығайып келеді. Жуырда ғана халқыңыз мемлекеттің жаңа мақсат-міндеттерін айқындаған конституциялық реформаны қолдады. Бүгінде Қазақстан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді қастерлейтін, барлық жағынан заманауи қоғам құрып отыр. Жоғары білімді азаматтардың, орта таптың көптігі және озық инфрақұрылымның арқасында елдеріңіз болашақтың сын-қатерлеріне төтеп беруге әзір. Қазақстан цифрландыру саласында көш бастап тұр, әсіресе, жасанды интеллект бағытында бірегей шешімдер әзірлеуде. Alem.AI орталығына барып, елдеріміз арасындағы синергияны ілгерілету мүмкіндіктерін талқылауға қызығушылық танытып отырмыз", – деді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:15, 12 қазан 2026
Жаркенттегі төбелес пен атыс: полиция адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр
-
18:04, 12 қазан 2026
ШҚО-да 12 ауылдық округ әкімі айыппұл арқалады
-
17:44, 12 қазан 2026
Петропавлда макарон фабрикасының жұмысшысын қамыр илейтін құрылғы тартып әкетті: ер адам қаза тапты
-
17:40, 12 қазан 2026
Жылы болады, бірақ жаңбыр мен қар жауады: 13 қазандағы ауа райы болжамы
-
17:17, 12 қазан 2026
Тоқаев пен Бельгиялықтар Королі Филипп Бірлескен мәлімдеме қабылдады





