Қазақстанның боксшы қыздары Азия чемпионатында алты алтын медаль еншіледі
© Сурет: olympic.kz
Джакартада өтіп жатқан бокстан U19 және U23 санатындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасынан 2026 жылы 15 шілдеде тоғыз боксшы қыз рингке шықты. Олардың алтауы чемпион атанса, қалған үшеуі күміс медаль иеленіп айды аспанға бір-ақ шығарды.
Алғаш болып рингке шыққан 70 келідегі Камила Оспанова ақтық сында әлем чемпионы, Өзбекстан боксшысы Мафтуна Янгиевамен жұдырықтасты. Дода өте тартысты өтті, үш раундтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен отандасымыз басым түсті.
80 келі салмақта Айдана Убайдуллақызы шешуші сында Үндістан боксшысы Мега Шеокандпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Тағы да бір алтын медаль.
81 келіден жоғары аса ауыр салмақта ел намысын қорғаған Зарина Толыбайды да финалда Үндістан боксшысы күтіп тұрды. Жерлесіміз оны 5:0 есебімен таза ұтты.
Жарыстың кешкі сессиясында 23 жасқа дейінгі боксшы қыздар рингке шықты. 48 келі салмата өнер көрсеткен Гүлназ Бөрібай Моңғолия боксшысы Содон-Од Биндерияны 5:0 есебімен есеңгіретіп, айқын жеңіске жетті.
Азиза Исина (70 келі) өзбек бокшысы Райхона Курбонбаевамен болған ауыр жекпе-жекте жеңімпаз атанды. Есеп - 3:2.
Қазақстан қоржынына алтыншы алтын медальді Шұғыла Нәлібай (75 келі) салды. Финалда ол Үндістан өкілі Мусканды таза жеңді (5:0).
Сонымен қатар Анита Адишева (51 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Құралай Егінбайқызы (80 кг) Азия чемпионатының күміс медалын иеленді.
Бұған дейін Венгриядағы турнирде Нұрқожа Қайпанов пен Асыл Айтақын еркін күрестен финалға шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 15 шілде 2026
Алматыда тауға шыққан бес жасөспірім қайтарда адасып қалған
-
22:31, 15 шілде 2026
Әнші Нұрмұқасанның көмекшісі сотталды
-
21:53, 15 шілде 2026
Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс үш күнге уақытша шектеледі
-
21:40, 15 шілде 2026
«Күн 48 градусқа дейін ысиды». Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:57, 15 шілде 2026
Венгриядағы турнир: Нұрқожа Қайпанов пен Асыл Айтақын еркін күрестен финалға шықты





