Қордайда 14 жасар бойжеткен зорлыққа ұшырап, жүкті болып қалған
© Фото: pexels
Қордайда 13 жаста зорлыққа ұшырап жүкті болған мүгедек қыз жақында босанады. Жаға ұстатарлық жағдайдан кейін 8 ай өтсе де күдіктілер әлі күнге бостандықта жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қордайда қорлық көріп, бала көтерген жасөспірім қазір 14 жаста. Жүктіліктің 28- аптасында. Ақыл-есінің дамуында кінәраты бар қыздың аңғалдығын пайдаланып, ауылдастары бірнеше рет азғындық жасаған көрінеді. Анасының сөзінше, қызының психикалық жағдайын біле тұра маңайдағы ер жігіттер телефон нөмірін бір-біріне беріп, кездесуге шақырған.
Аlmaty.tv телернасының ақпаратынша, қылмыстық іс материалдарында бірнеше ер адамның қызбен алдын ала жоспарлап, кездескені айтылған. Олардың ішінде жасөспірімдер, күзетші, медициналық мекеме қызметкері де бар. Анасының сөзінше, оқиға болған күні жігіттердің бірі жасөспірімді анасы үйде жоқ кезде көлікпен алып кеткен. Кейіннен іздеу салынып, қыз таңға жуық табылған.
"Есігімнің алдынан ауруын, мүгедектігін пайдаланып, әкетіп отыр. Қызымды әурелеп, зорлап отыр, ішіне бала салып отыр. Полиция арызымды қабылдамай қойды. "Резонанс тудырдың" деп өзіме шара қолданбақ. Балаларымды балалар үйіне әкетіп қалды. Қордай ауданының полициясы істі қысқартып тастады", – деді жәбірленушінің анасы Гүлшад
Гүлшад 6 баласының амандығына алаңдап, оларға қысым көрсетілгенін жеткізді. Бір жылдан бері кінәлілерді әділ жазаға тартуды талап етіп, талай құқық қорғау органдарының табалдырығын тоздырған жәбірленуші істің сағызша созылғанын айтып отыр. Күдікке ілінген 2 адамға қатысты іс тоқтатылып, қазір бір қылмыстық факт бойынша тергеу амалдары жүріп жатқаны белгілі болды.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті тұлға жедел түрде анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Қазіргі таңда барлық тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мәнжайы анықталып, дәлелдемелер жинақталуда. Жан-жақты тергеу нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады", – деді Қордай аудандық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ғазиз Бектұрғанов
Айта кету керек, қызына қатысты зорлық жасалғанын аңғарған анасы бірден сараптама жасап, сынама алуға барған көрінеді. Алайда оның нәтижесі әлі күнге дейін белгісіз. Қазір іс әлі тергеу сатысында. Жәбірленушінің жақындары қылмысқа қатысты барлық кінәліні заң бойынша қатаң жазалануын талап етеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 20 ақпан 2026
Қазақстан рубль мен долларға қаншалықты тәуелді – Ұлттық банк талдауы
-
16:48, 20 ақпан 2026
Павлодарда құрылыс компаниялары жүздеген миллион теңгеге мүліктік мәмілелерді жасырған
-
16:36, 20 ақпан 2026
Теңгенің нығаюы нарықтық сипатқа ие – Молдабекова
-
16:23, 20 ақпан 2026
Қазақстанда автоматты әлеуметтік төлемдер туралы фейктерге министрлік жауап берді
-
16:14, 20 ақпан 2026
Қазақстан азаматтарының Корей елінен ерікті түрде шығу бағдарламасы ақпан айының соңына дейін жалғасады





