Ресейде жүрген қазақстандықтарға арналған маңызды ақпарат жарияланды

18:40, 19 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz

Ресей аумағында жүрген Қазақстан азаматтары жаңа Конституция бойынша өтетін республикалық референдумда дауыс бере алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі мәлімдеді:

"15 наурыз күні Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. 18 жасқа толған ҚР азаматтары Ресейдегі Қазақстан Елшілігінде дауыс бере алады. Онда №429 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Учаскенің жұмыс уақыты: Мәскеу уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін. Мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 "А" (ҚР Елшілігінің ғимараты)".

Сайлау учаскесіне келген кезде азаматтардың өзімен бірге ҚР азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуға тиіс.

"Сайлау процесін ұйымдастыруды жеңілдету мақсатында Мәскеуде дауыс беруді жоспарлап отырған азаматтардан referendum.moscow@mfa.kz электрондық поштасына келесі деректерді алдын ала жолдауды сұраймыз: толық аты-жөні, туған күні, ЖСН, Ресейдегі тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны және электрондық поштасы", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мәскеуден бөлек, 07:00-ден 20:00-ге дейін жергілікті уақыт бойынша дауыс беруге болатын сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының Бас консулдықтары жанында да жұмыс істейді:

• Санкт-Петербург қаласы – Чайковский көшесі, 71-үй, №454 сайлау учаскесі;

• Қазан қаласы – Карл Маркс көшесі, 8/13, №465 сайлау учаскесі;

• Астрахань қаласы – 1-Аршанская көшесі, 17-үй, №455 сайлау учаскесі;

• Омбы қаласы – Шоқан Уәлиханов көшесі, 9-үй, №456 сайлау учаскесі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!