Қазақстанда автоматты әлеуметтік төлемдер туралы фейктерге министрлік жауап берді
© Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі фейк ақпаратты жоққа шығарып, әлеуметтік көмек барлық азаматтарға автоматты түрде тағайындалатыны туралы жалған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та тараған, әлеуметтік көмекке өтініш берген барлық азаматтарға автоматты түрде төлем тағайындалатыны жөніндегі жалған ақпаратқа байланысты ресми түсініктеме жасады.
Әлеуметтік желілерде және жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында өтініш берген барлық азаматтарға әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады деген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтің таралуына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төмендегіні хабарлайды.
Әлеуметтік көмек – мемлекеттің атаулы қолдау шарасы және белгіленген мұқтаждық критерийлеріне сәйкес келетін, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға ғана көрсетіледі.
Көмек тағайындау қолданыстағы заңнамада және мәслихаттардың шешімдерінде айқындалған негіздер бойынша жүзеге асырылады, белгіленген талаптарға сәйкестігі құжат жүзінде расталған жағдайда ғана мүмкін болады.
eGov порталы арқылы өтініш беру – әлеуметтік көмекке жүгінудің бір тәсілі ғана және оның автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді.
Көмек алушы санаттардың тізбесі, көмекті көрсету шарттары және қажетті құжаттар тізімі әр өңірде мәслихаттар тарапынан жеке-жеке бекітіледі және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
Барлық түскен өтініштер жергілікті атқарушы органдарда белгіленген тәртіппен қаралады.
Азаматтарды ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырамыз.
Жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:06, 20 ақпан 2026
Алматыда полиция адамға көмек көрсетілген сәтте жасалған ұрлық қылмысын ашты
-
17:53, 20 ақпан 2026
Фристайл-акробатика: қазақстандық спортшылар Олимпиаданың финалына өте алмады
-
17:22, 20 ақпан 2026
Тоқаев Берік Шолпанқұловты қызметінен босатты
-
17:20, 20 ақпан 2026
Көлік полицейлері жолаушыдан марихуана тапты: шетелдік азамат жауапқа тартылды
-
17:17, 20 ақпан 2026
Жамбыл облысында алғаш рет «Зорлық-зомбылықсыз жанұя» атты республикалық форум өтті





