Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңі: ұлттық құраманың тізімі

23:00, 19 ақпан 2026

© Сурет: olympic.kz

Конькимен жүгіруден Германияның Инцелль қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірімдер санатында ел намысын Кристина Шумекова, Алина Шумекова, Варвара Глухова, Анастасия Беловодова, Вадим Чебардаков, Михаил Бровко, Михаил Матрюхин, Денис Мезенцев, Руслан Жанаділов қорғайды.

Нео-сеньорлар санатында Алина Дауранова, Мария Деген, Инесса Шумекова, Дарья Важенина, Абылайхан Қайырғазы, Дмитрий Осипенко, Азамат Сатқожа, Андрей Семёнов жарыс жолына шығады.

Әлем кубогы кезеңі 21–22 ақпан аралығында өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!