Павлодарда әпкесінің зергерлік салонынан әшекей ұрлаған сіңлісі сотталды
© Сурет: Zakon.kz
Павлодарда әпкесінің зергерлік салонынан әшекей ұрлаған сіңлісі сотталды. Оның келтірген шығыны 160 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 37 жастағы зергерлік дүкен сатушысына қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған жалпы құны 160 миллион теңгеден асатын 669 алтын және күміс бұйымды ұрлады деген айып тағылған. Айыпталушы бірнеше ай бойы зергерлік әшекейлерді дүкеннен алып шығып отырған. Оның айтуынша, қаражат онлайн ойындарға бәс тігуге қажет болған, деп жазды Pavlodarnews.kz.
Дүкендегі жетіспеушілік бірден анықталмаған. Аудиторлық тексеріс келтірілген шығын көлемін растаған. Алайда сот барысында сатушы тек 92 бұйымды ұрлағанын мойындады.
Соған қарамастан сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша – сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету бабымен кінәлі деп таныды.
Сот үкімімен әйелге орташа қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ оған 5 жыл мерзімге материалдық жауапкершілік қарастырылған лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Сонымен қатар, оның баласы 14 жасқа толғанға дейін жазаны өтеу мерзімі екі жылға шегеріліп, сот залынан босатылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:30, 19 ақпан 2026
Көктөбеде референдумға дейінгі күндер санала бастады
-
20:16, 19 ақпан 2026
Қазақстандық әйелді ұшаққа отырғызбай қойған: сот шешімі шықты
-
19:55, 19 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
-
19:25, 19 ақпан 2026
Қысқы Олимпиада: Софья Самоделкина бүгін қай уақытта өнер көрсетеді
-
19:10, 19 ақпан 2026
20 ақпанда елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды





