«Ел намысын абыроймен қорғадым деп ойлаймын»: Абзал Әжіғалиев Олимпиададағы өнері туралы
© Сурет: olympic.kz
Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 500 метрлік қашықтықта сынға түсті. Өкінішке қарай, отандасымыз ширек финалда жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы жарыстан кейін өз өнеріне баға берді.
"Мен мәреге төртінші болып келген сәтте бәрі белгілі болды. Себебі келесі кезеңге бірінші және екінші орын алған спортшылар немесе үшінші орын иеленгендер арасында үздік нәтиже көрсеткендер шықты. Біздің жарыс өзге жүгірістерге қарағанда баяу өтті. Сондықтан кемінде екінші орын алу қажет еді.
Нидерландтық спортшы өте жоғары қарқынмен жүгірді, озуға мүлде мүмкіндік бермеді. Мен үшін басты міндет – артымнан қуып келе жатқан үш спортшыға өз орнымды бермеу болды. Алайда италиялық спортшы менен екі есе жылдам екен. Бір сәтті ұстап қалғым келді. Бірақ ол ұтымды әдіс қолданып, алға шықты. Бұл шорт-трек болған соң, артта келе жатқан қарсыласты көрмейсің.
Басты мақсатым – бүгін, осы қашықтықта финалға дейін жетіп, жүлде алу еді. Мен әр Олимпиадаға медаль үшін барамын. Бұл жолы оңай болған жоқ. Соған қарамастан, барлық іріктеу кезеңдерінен өтіп, ел намысын абыроймен қорғадым деп ойлаймын. Бұл – менің төртінші Олимпиадам. Әр додада қазақстандық жанкүйерлерді қуантуға тырыстым. Өкінішке қарай, бұл жолы ол мақсатқа жете алмадым.
Сондай-ақ жанкүйерлердің қолдауы ерекше сезілді. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров алтын алғаннан кейін, шорт-тректен де көпшілік медаль күтті. Дегенмен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Осы спорттың елімізде дамуына өз үлесімді қостым деп санаймын. Еңбек еттім, халықаралық жарыстарда жеңіске жеттім. Қазақстанда да мықты шорт-трекшілер бар екенін дәлелдедім деп ойлаймын", – деді Абзал Әжіғалиев.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша 2026 жылғы Олимпиадада үздік ондыққа кіргенін хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:38, 19 ақпан 2026
Павлодарда әпкесінің зергерлік салонынан әшекей ұрлаған сіңлісі сотталды
-
19:25, 19 ақпан 2026
Қысқы Олимпиада: Софья Самоделкина бүгін қай уақытта өнер көрсетеді
-
19:10, 19 ақпан 2026
20 ақпанда елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
18:52, 19 ақпан 2026
Маңғыстау облысының тұрғыны өтірік ақпарат таратқаны үшін жарты миллион теңге төлейді
-
18:40, 19 ақпан 2026
Ресейде жүрген қазақстандықтарға арналған маңызды ақпарат жарияланды





