Конституциялық сот әскери қызметшілердің ақшалай ризығына қатысты шешім шығарды

10:28, 25 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

Әскери қызметшілердің ақшалай ризығын бұйрықпен шектеу Конституцияға сәйкес келмейді. Бұл туралы Конституциялық сот 2025 жылы 25 қаңтарда мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конституциялық Сот азаматтың өтініші бойынша ҚР Конституциясының мына баптарына сәйкес-сәйкес еместігін тексеріп көрді:

  • "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңның 21-бабының 5-тармағы 3) тармақшасының;
  • ҚР Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 64-тармағының;
  • ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларының 26-тармағы мен 30-тармағының екінші бөлігіне қатысты.

Тексеру негіздері:

"Әскери қызметтегі жағдайдың шекті жасының келуіне байланысты өтініш беруші Әскери қызмет туралы заң негізінде еңбек сіңірген жылдары бойынша жұмыстан босату туралы өтінішпен басшылыққа екі рет жүгінеді". ҚР Конституциялық соты

Алайда, оған қатысты қылмыстық іс жүргізілуіне байланысты ол тергеу аяқталғанға дейін бөлім командирінің қарамағына алынып, кейін теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Бөлім командирінің қарамағында болған кезеңде оның басқа ақылы қызметпен айналысуға құқығы болмады және бұйрықпен бекітілген қағидалар негізінде оған ақшалай ризық төленбеген.

Өтініш берушінің пікірінше, аталған нормалар бөлім командирінің қарамағында болған кезеңде оның еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және ақшалай ризық (жалақысын) алуға конституциялық құқықтарына нұқсан келтіреді.

Конституциялық соттың қорытынды шешімі:

Барлық материалдарды және заңнаманы зерделеп, Конституциялық Сот Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңға сәйкес ең шекті жасқа жеткен әскери қызметшіге әскери қызмет мерзімін ұзарту тек оның баянаты негізінде немесе жұмылдыру, әскери жағдай немесе соғыс уақытында ғана мүмкін болатындығын атап өтті. Әскери қызметте болудың шекті жасын ұлғайту және әскери қызмет мерзімін ұзарту үшін өзге негіздер заңда көзделмеген. Тексеру нәтижелері бойынша Конституциялық Сот заң нормасының құқықтық мағынасын нақтылау мақсатында Конституцияға сәйкес оның нормативтік-құқықтық түсіндірмесін берді.

"Әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде олардың әскери емес лауазымдарда ақшалай ризық төлеуді бұйрық деңгейінде шектеуге қатысты Конституциялық сот бұйрық деңгейінде мұндай шектеуді белгілеу көзделген еңбегі үшін сыйақы алу құқығын, жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшерінің кепілдігін, заңды негіздер бойынша әлеуметтік қамсыздандыру құқықтары Конституцияға сәйкес келмейді және адамның құқығы тек заңмен шектеледі деп қаулы етті". ҚР Конституциялық соты

Конституциялық соттың ұстанымдары мен қабылданған шешімі туралы толық ақпаратпен ресми сайттан таныса аласыздар.

Мұның алдында Конституциялық сот бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі туралы нормаға түсіндірме берген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!